Қызылордада кезекті 250 отбасыға көмек берілді

636

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен кезекті 250 отбасыға рамазан қоржыны табысталды.
Қасиетті айдың соңғы күндерінде өткен «Берекелі Рамазан» акциясы аясында облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті және қалалық «Хазірет Әбу Бәкір», Жалағаш аудандық «Иманқұл ата» мешіттері мұқтаждарға көмектесіп, қуаныш сыйлады.
Айта кетейік, аймақта аталмыш айдың құрметіне орай баспана беру, азық-түлік қоржындар, ауызашар тағамдары, рамазан тәттілері мен сыйын тарату, қаржылай, қажетті заттарын алып беру секілді түрлі форматтағы шаралар көптеп ұйымдастырылып, Сыр мешіттері қайырымдылық жасаудан жарысты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<