2026 жылғы 9–10 мамыр күндері Тайвань мемлекетінің ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен Asia-Pacific Informatics Olympiad (APIO 2026) халықаралық олимпиадасына әлемнің 32 елінен 187 оқушы қатысты.
Аталған беделді білім додасында Қазақстан Республикасының құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль иеленді.
Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алтын медальдің иегері — Қызылорда облысындағы С.Шауханов атындағы №9 облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Мансур Мамадахунов болды.
Айта кету қажет, Мансур Мамадахунов — Қазақстан тарихындағы APIO олимпиадасының үшінші алтын медалін иеленген оқушы. Сондай-ақ, талантты білім алушы 2026 жылғы 9–16 тамыз аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтетін IOI-2026 (38th International Olympiad in Informatics) дүниежүзілік олимпиадасына Қазақстан құрамасы сапында қатысуға жолдама алды. Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ұлттық құрама құрамына бірінші болып енді.
Бұл жетістік — өңіріміздегі дарынды оқушыларды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың және сапалы білім берудің нақты нәтижесі.
Жас дарынды жеңісімен құттықтап, алдағы халықаралық білім бәйгелерінде сәттілік тілейміз!
Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі






