Ресми: Геннадий Головкин әлем чемпионы титулына таласады

200

0

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасында орта салмақтағы бос чемпион атағы үшін жекпе-жек тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz
Головкин – Деревянченко жекпе-жегі туралы IBF шешімі бүгін, 5 тамызда америкалық уақыт бойынша таңертең қабылданды. Енді боксшылардың командасы жекпе – жектің күні мен орнын таңдаулары керек. Тараптарға 30 күн берілген, ал егер олар 4 қыркүйекке дейін келіспесе, промоутерлік саудаға тапсырыс береді.
Ұйым IBF атағын мексикалық Сауль Альварестен (52-1-2, 35 КО) 1 тамызда алды. Ол бұл белбеуді 5 мамырдан бастап иеленіп келген, алайда Деревянченкомен сәтсіз келіссөздер жүргізгені үшін айырды. Осылайша IBF титулына міндетті үміткер Деревянченко ұйым рейтингінде бірінші орынға ие болды. Екінші орын бос, ал үшінші орында Головкин.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<