Республикалық байқау жеңімпаздары марапатталды

447

0

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Д.Байдушев республикалық жарыстарда озық шығып, аудан абыройын көтеріп жүрген оқушылармен кездесті.

Аудан әкімінің орынбасары жоғары жетістікпен ауданымыздың білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген дарынды, озат, қабілетті жастарға және ұстаздар қауымына ризашылығын жеткізді.

Бүгінгі кездесуге, XVIIІ республикалық «Зерде» конкурсының ІІ орын иегерлері №42 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушылары Төлеген Асылзат, Жұмабайқызы Гүлсезім, №35 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Әскербекова Еркежан; Павлодар қаласында өткен «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстарының тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша республикалық кезенінің І орын иегерлері №36 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары – Дарын Нұрланұлы, Айым Ақылбек, Әсет Молдабек, Низара Аубакирова.

Астана қаласында өткен «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстарының тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша ІІ орын иегерлері №36 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары Жансұлу Ермағанбетова, Зере Алдамұратова, Берік Серікбай, Нұржан Ақылбек; «Ясауитану» халықаралық байқауының республикалық кезеңінің Алғыс хат иегері №42 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Гүлім Дүйсенбай, жас музыканттар байқауының республикалық кезеңінің ІІІ орынмен өнер мектебінің фортепиано сыныбының оқушысы Даниил Семенов; республикалық «Домбыра-дастан» дәстүрлі күй тартыс байқауының Бас жүлде иегері өнер мектебінің домбыра сыныбының оқушысы Дінмұхамед Алмасұлы және жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінің ІІІ дәрежелі диплом иегері №37 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Айжан Рамазан қатысты.

Білім бәйгесінде жеңіске жеткен оқушыларға аудан әкімінің «Алғыс хаты» және естелік сыйлығы табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<