Ұшақ жолаушыларының барлығы қаза тапты (видео)

40

0

Сенбі күні АҚШ-тың Техас штатындағы Анауак елді мекенінің маңында Boeing 767 авиалайнері апатқа ұшырап, бортындағы адамдардың барлығы қаза тапқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Atlas Air әуе компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.
«Atlas Air компаниясы 23 ақпан күні Ануакта 3591 рейсін орындау кезінде апатқа ұшыраған ұшақ бортында болғандардың үшеуі де қаза тапқанын мәлімдейді», – делінген хабарламада.
Екі моторлы Boeing 767 жүк тасымалдаушы ұшағы Майамиден (штат Флорида) Хьюстонның (Техас штаты) Джордж Буш атындағы халықаралық әуежайына бара жатқанда апатқа ұшырады. Федералдық авиация басқармасының мәлімдеуінше, жүк лайнері Тринити-Бэй шығанағына құлап, бөлшектеніп кеткен.
Апат салдарынан ұшақ бортындағы үш адамнан құралған экипаж мүшелері түгел қаза тапқан.

​​​

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз