Шавкат Рахмонов UFC-дегі көшбасшылығынан айырылды

481

0

Сурет ашық дереккөзден

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) мерзімінен бұрын қол жеткізген жеңіс саны бойынша қазіргі UFC файтерлері арасында енді көш бастап тұрған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Бұған дейін Рахмонов бірінші орында тұрды – ол қатарынан бес рет жеңіске жеткен, бірақ қазір оны ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) басып озды.
Ол қатарынан алты мәрте айқасқа шығып, алтыншы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды, бұл ретте ол барлық жеңістеріне бірінші раундта-ақ қол жеткізген.
Шавкат Рахмоновқа келсек, ол UFC-дегі бес жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) жеңген.
Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы ең перспективалы спортшылардың бірі саналады.
Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың әпкесі Сора Рахмонованың NAIZA 51 турнирінде өнер көрсетіп, онда ресейлік чемпион Валерия Карыгинамен жұдырықтасатыны хабарланған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<