Шиелідегі 6 елді мекенге газ желілері жүргізіледі

430

0

Сурет ашық дереккөзден

Биыл Шиелі ауданына қарасты 6 елді мекенге республикалық бюджеттен 1 млрд.531 млн теңге бөлініп, газ желілері жүргізілетін болады. Бұл елді мекендер толықтай газға қосылған жағдайда ауданның 78 пайызы көгілдір отынмен қамтылмақ. Бұл жөнінде Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов хабарлады.

– Аудан бойынша Шиелі кенті және Ы. Жақаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Ш.Қодаманов, Ақмая, Алғабас ауылдары толық көгілдір отынға қосылған. Осыған сәйкес, аудан халқының 68 пайызы көгілдір отынмен қамтылып отыр. Ендігі кезекте

Еңбекші, Жиделіарық, Алмалы, Ә.Тәжібаев, Досбол Датқа, Бестам ауылдарына газ құбырын тарту жүргізілуде. Жалпы Шиелі ауданы бойынша көгілдір отынға қосылмаған 16 елді мекен бар. Осы елді мекендерге газ желілерін тарту үшін ең алдымен Тартоғайдағы автоматтандырылған газ реттеу стансасын орната отырып, «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбыры жобасын жүзеге асыру қажет. Одан кейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған соң, ауданымыздағы көгілдір отынға қосылмаған ауылдарға жергілікті бюджет есебінен жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, кезең-кезеңімен көгілдір отын беріледі. Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында мектептердің қазандық ғимараттарын салуға барлығы 85,0 млн теңге бөлінді, – деді аудан әкімі Нұржан Ахатов.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<