Шомылу маусымы басталғалы бері 8 адам қайтыс болған

216

0

Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы бері 8 адам қайтыс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 13 адамды құтқарды. Алайда, жазғы кезеңнің бірінші онкүндігінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 8 адам қайтыс болған, оның 4-і кәмелетке толмаған балалар.

Осыған байланысты ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді және су айдындарында сағат сайын рейд жүргізуді тапсырды.

«Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс», – делінген министрлік хабарламасында. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<