Өшпес өнеге

282

0

Еңбек ардагері, кезінде партия, комсомол, ағарту саласының сардары болған Смағұл Ысқақов­тың туғанына 100 жыл толуына орай «Тұлға тағылымы – ұрпаққа ұлағат» ­ғылыми-танымдық конференциясы ұйымдас­тырылды.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өткен шарада «Сырдың Смекесі» атанған Смағұл Ысқақов жайлы әсерлі әңгімелер, оның қарапайым қасиеті, парасаттылығы мен тапқырлығы сөз болды. Оның 90-жылдары кәсіптік-техникалық білім жүйесінің сақталып қалуына, материалдық-техникалық базаның нығаюына қосқан еңбегі де  айтылды. Сонымен қатар конференция барысында көп жылдар қызметтес болған ізбасарларының, шәкірттерінің естелігі жинақталған «Маңдайға біткен Марғасқа», «Шежірелі жылдар сыр шертеді» секілді жинақтар «Өмірі өшпес өнеге» кітап көрмесінде таныстырылды.

Айта кетейік, Смағұл Ысқақов – Сырдың біртуар азаматы. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін І, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, ерен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен және түрлі медальдарымен марапатталған. Оның өнегелі ісі, жақсы сөзі ел есінде.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<