Сотталушылар қамаудағы адамдарға терроризмді насихаттаған

179

0

Ағымдағы жылдың ақпан айында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыдан діни мазмұндағы қолмен жазылған парақтар тәркіленген болатын.

Сонымен қатар, сәуір айында тағы бір сотталушыдан осы тектес парақтар айғақ зат ретінде алынды.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында деструктивті діни ағымын ұстанатын екі сотталушы өз айналасындағы қамаудағы адамдарға терроризмді насихаттағаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, олардың қылмыстары толығымен дәлелденді.

Қызылорда қалалық сотының үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға 1 жыл 6 ай және 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

                        

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<