«Союз-2» зымыраны Байқоңырдан солтүстік траекториямен ұшырылады

189

0

Мысырдың Egyptsat-A спутнигін орбитаға алып шығатын «Союз-2» тасымалдаушы зымыранының Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуына бір тәуліктей уақыт қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осымен Байқоңыр ғарыш айлағының 2019 жылғы бағдарламасына старт берілетінін хабарлаған едік. 18 ақпан күні «Фрегат» блогы және Egyptsat-A ғарыш аппараты орнатылған «Союз-2» зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағының старт кешеніне тұрғызылған.
Роскосмос баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Байқоңырдан аспанға көтерілген тасымалдаушы зымыранның траекториясы солтүстік бағытта: Қазақстанның Ақтөбе және Қостанай облыстарының, сондай-ақ Ресейдің Орал өңірінің үстінен өтеді.
Мысырдың Жерді қашықтықтан зондтайтын спутнигін «Союз-2» зымыранымен ұшыру 2019 жылғы 21 ақпан, бейсенбі, Астана уақытымен 22 сағат 47 минутқа жоспарланған.
Egyptsat-A ғарыш аппараты Жер бетін жоғары тұнықтықпен бейнеге түсіру мақсатында жасалды. Оны Мысыр Араб Республикасының Үкіметі пайдаланады. Ұшу сынақтарының бағдарламасы аяқталған соң, спутник Мысырдың басқаруына беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<