Апта ағымында

130

0

AMANAT: 9 айда атқарылған жұмыстар  қорытындыланды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ағымдағы жылдың 9 айында партия филиалымен атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

«Miras» республикалық кеңесінің отырысы өтті

Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, республикалық кеңес мүшесі Айткүл Шалғынбаева, облыстық филиал жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесі төрағасының орынбасары Сәрсенкүл Бихожа бейнебайланыс режимінде «AMANAT» партиясының жанындағы «Miras» республикалық кеңесінің отырысына қатысты.

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары республикалық кеңес отырысында талқыланды

«AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, онда өңірлердің 2025-2026 жылдарға жылыту маусымына дайындық жұмыстары қаралды.

Кеңес отырысына бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, аймақтық кеңес төрағасы Қожахмет Ілиясов және жауапты сала басшылары қатысты.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің атқарылған жұмыстары баяндалды

Аптада «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ермұхан Жұмабектің қатысуымен онлайн жиын өтіп, онда партияның Қызылорда, Түркістан, Жетісу және СҚО қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қаңтар-тамыз айларында атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді.

Жиында партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Нұрлан Абдукаримов атқарылған жұмыстарды баяндап, хабарлама жасады.

Шитүбек елді мекені ауыз су желісіне қосылды

Жұмыс аптасында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Қазалы ауданындағы Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Шитүбек елді мекені ауыз су желісіне қосылды.

Тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау жұмыстары экологиялық кеңес отырысында талқыланды

Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен партия филиалы жанындағы экология жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.

Жиында алдымен кеңес мүшелері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы міндеттерді талқылады. Мұнан соң партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қамтылған экологияның жақсарту, тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау мәселелері, сонымен қатар осы бағытта сайлау уақытында сайлаушылардан түскен ұсыныстардың орындалу барысын талқылады.

«AMANAT» партиясы жанындағы партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысы өтті

Аптада «AMANAT» партиясы жанындағы Партиялық бақылау Комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру барысы талқыланды.

Көшпелі отырысқа өңірден бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Ержан Искендер қатысты.

Комитет отырысынан соң аймақтық комиссия мүшелері өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.

“Ардагерлерді ардақтайық”: Қарттар күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай партияның аумақтық филиалдарының ұйымдастыруымен түрлі форматта іс-шаралар өткізіліп, ардагерлерге құрмет көрсетілді.

“Таза бейсенбі”: «Тағзым» алаңы тазартылды

Партияның Сырдария аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» акциясына аманаттықтармен бірге тұрғындар да қатысып, Оспан Мәлібаев шағын ауданындағы «Тағзым» алаңы тазаланды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 30-дан астам адам қатысып, екі арнайы техника тартылды. Нәтижесінде «Тағзым» алаңындағы шөптер шабылып, жиналып, көше бойындағы ағаш түптері әктеліп, аялдамалар мен көрнекі белгілер жуылды.

Тұрғындар тілегі тыңдалды

Жұмыс аптасында облыстық филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы кестеге сәйкес қабылдау өткізді.

Қабылдауларға 5 адам келіп, 3 азаматтың өтініші оң шешіліп,  2 тұрғынның  мәселесіне заңнамалық түсіндірме берілді.