Аудан әкімдерінің сайлауы: Үгіт кезеңінде әрбір кандидатқа 420 мың теңге белгіленді

455

0

Шиелі және Сырдария аудандары әкімінің сайлауы 5 қараша күні өтеді. Бүгінде 2 аудандағы аумақтық сайлау комиссиялары аудан әкімі болуға ниетті кандидаттардан ұсыным құжаттарын қабылдауда.

Сайлау Күнтізбесіне сәйкес, ұсыным құжаттары 5 қазан күні жергілікті уақыт 18.00-ге дейін ғана қабылданады. Кандидаттардың ұсынылған құжаттары тексеруден өткеннен кейін тіркеу процесі жүргізіледі.

Айта кетейік, кандидаттар партия атынан және өзін-өзі ұсынуға мүмкіндігі бар.

Әрі қарай кандидаттар үшін үгіт кезеңі басталады. Бұл сайлауда үміткерлердің өз сайлау қорлары болмайды. Сайлаушылармен үгіт кезеңінде әрбір кандидатқа 420 мың теңге белгіленді. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға, үгіт материалдарын шығаруға және көліктік шығыстарды пайдалануға бағытталған.

Еске салайық, екі ауданда сайлау өткізуге жауапты аумақтық сайлау комиссиясы төрағаларының 20 жылдан аса тәжірибесі бар. Бүгінде Сырдарияда 18, Шиеліде 40 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Оларда 388 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.

Сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізілуде. Биылғы жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Сырдария ауданында – 22644, Шиелі ауданында – 50697 сайлаушы тіркелген.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<