Business Kezdesu-де банк өнімдері таныстырылды

266

0

Фото: «Банк ЦентрКредит» АҚ

Бүгінде заңды тұлғалармен жұмыс істейтін еліміздің ірі екінші деңгейлі банктері бизнеспен жұмыс істеу стратегиясын өзгертіп, өз клиенттеріне қосымша сервистерді енгізіп жатыр. Солардың бірі – «Банк ЦентрКредит» АҚ. Қаржы институты бизнес үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында көптеген жаңашылдықтар енгізуде.

Жақында банктің облыстық филиалының ұйымдастыруымен Business Kezdesu өтті. Бүгінде дәстүрге айналған іскерлік кездесуде бұл жолы аймағымыздағы ірі компаниялардың бухгалтерлері бас қосты.

Кездесуде банктің бизнеске қызмет көрсету бағытындағы өнімдері мен қызметтері таныстырылды. Алдымен «Банк ЦентрКредит» АҚ облыстық филиалының директоры Айбек Бекбанов жиынға қатысушыларға банкте еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

– Бизнеспен табысты жұмыстың арқасында біз тұрақты және сенімді серіктес ретінде беделге ие болдық. Биыл ЦентрКредит Банкіне – 35 жыл. Банк елімізде активтері бойынша үшінші орында. Ал, Қызылорда облысына келер болсақ, аймағымызда 6 бөлімше қызмет көрсетуде. Олардың екеуі облыс орталығында, қалғаны Жаңақорған, Шиелі, Қазалы, Арал аудандарында. Бизнеспен табысты жұмыстың арқасында біз тұрақты және сенімді серіктес ретінде беделге ие болдық, – деді ол.

Айта кетсек, Business Kezdesu-ге қызмет аясы әртүрлі облыстың алдыңғы қатарлы 70 компаниясының бухгалтерлері шақырылған. Бұған дейін банк ұйымдастыруымен мұндай кездесу мамыр айында өткен еді. Ол кезде де кәсіпкерлерге қаржылай және қаржылай емес қолдау тетіктері жөнінде ақпарат ұсынылды.

– Біз әрбір клиентті жеке қарастыруға және бизнесті дамытуға көмектесуге әрқашан дайынбыз. Сондықтан, бүгінгі жиынға белгілі компанияларыдың есепшілерін шақырғанымыз да кездейсоқ емес. Себебі, бухгалтер – кез келген бизнестің драйвері десек те болады. Банк қызметімен тікелей байланысты мамандарға өз өнімдерімізді таныстыруды мақсат етіп отырмыз, – деді Айбек Бекбанов.

Жиында бизнес өкілдері өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Банк қызметіндегі жаңашылдықтарды «Банк ЦентрКредит» АҚ облыстық филиалының заңды тұлғаларға қызмет көрсету маманы Гүлназ Оспанова таныстырды. Банк заңды тұлғаларға жан-жақты қызмет көрсетумен қатар, қазақстандық кәсіпкерлерге бұдан да тәуелсіз болуға мүмкіндік беретін, тәулік бойы шоттарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін және тек өз бизнесін дамытуға көңіл бөлуге мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді іске қосқан. Сол арқылы бухгалтерлік есеп процесі айтарлықтай жеңілдеуде.

Банк өнімдері – цифрлық арналар, мобильді қосымша арқылы жұмыс. Клиенттердің үйден шықпай-ақ қызмет алуы үшін банк цифрлық арналарды дамытып отыр. Сондай-ақ, несиелеу, автолизинг қызметтері де бизнес үшін тиімділігін дәлелдеп отыр. Бұл туралы заңды тұлғаларды несиелеу бойынша маман Нұрсұлтан Байымбетов айтып берді.

– Бігінгі жиынның мақсаты – қызмет көрсету бойынша өз өнімдерімізді таныстыру. Бізде жеңілдікпен несиелеу бойынша да түрлі инструменттер бар. Мысалы, «Даму» қоры кепілдігімен жеңілдетілген несие берумен айналысып жатқанымызға 10 жылдан асты. Соларды түсіндірсек дейміз. Өйткені халық әлі де біле бермейді. Кейбір компаниялар әлі күнге одан хабарсыз. Сондықтан, тоқсан сайын клиенттерімізбен кездесу өткізіп, түсіндірме жүргізіп тұрамыз, – дейді Нұрсұлтан Байымбетов.

«Әлі күнге дейін кейбір бизнес басшылары өз атына қымбат кредиттер алады. Бұл дұрыс емес. Жүріп тұрған бизнес мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдікті қолдануы керек. Одан хабарсыз көптеген адамдар екі үш айдан кейін жауып тастаймын деген оймен тұтынушылық несие ала салады.»

– Негізі бизнес үшін 15 пайыздан асатын несие экономия тұрғысынан тиімсіз. Сондықтан «Даму» қоры қолдауымен қазір бизнесін одан әрі дамытқысы келетіндер 8 пайызбен несие алуға мүмкіндігі бар. Бұл жерде 19,5 пайыздық несиенің 11,5 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды. Ал, тұтынушы 8 пайыз қана төлейді, – дейді банк менеджерлері.

Бизнес аясын кеңейту мақсатында банктен жеңілдікпен несие алған компанияның бірі – «Қызылорда-Газ» ЖШС. Серіктестіктің бухгалтері Алия Жаппарованың айтуынша, банкте бизнес пен жеке тұлғаларға арналған басқа да көптеген қызықты өнімдер бар.

– Бүгінгі кездесу – шағын және орта бизнес үшін үлкен қолдау десек те болады. Біз үшін банкте қандай жаңашылдық, жаңа жобалар бар екені қызық. Мысалы, біздің компания банктің «Корпоративтік» қызметтер пакетін тұтынады. Өте тиімді. Ендігі жерде тасымалдаушысыз, барлық операциялардың онлайн жасауға болатынын біліп жатырмыз. Бұл да өте ыңғайлы. Кездесуде банкте несиелеудің жаңа бағыты ашылғанын да білдік. Біз үшін осындай кездесулер сонысымен қызық, – дейді Алия Жаппарова.

Еркін форматтағы Business Kezdesu бизнес-таңғы аста жалғасты.

Биболат СӘТЖАН

Анықтама үшін:

«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып, ыңғайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес үлгісі бар Қазақстандағы алғашқы және ірі коммерциялық банктердің бірі. Банктің кең филиалдық желісі бар және Қазақстанның барлық аймақтарындағы 160-тан астам филиалдарында 3 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетеді. Үнемі клиентке қызмет көрсету сапасын арттырудың жаңа жолдарын іздестіріп, жетіліп отыратын банк өз клиенттерімен бірге өсіп, өркендеуді жалғастыруға ниетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<