Инвестиция: Биылғы меже – 373,5 млрд теңге

407

0

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестиция тарту.

Осы ретте, республика бойынша 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің құрамындағы инвестицияның үлесін 25%-ға жеткізу міндеті қойылған.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы 5 жылдыққа арналған «Негізгі капиталға тартылған инвестиция» көрсеткішінің жоспарын бекітті.

Жоспарға сәйкес биыл облысқа 373,5 млрд теңге инвестиция тарту қажет. Бекітілген жоспарға қол жеткізу үшін биыл 19 шілдеде облыс әкімінің төрағалығымен өткізілген алқа отырысында қала және аудан әкімдіктеріне белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің үлесіне сәйкес меже бекітілді.

Жыл басынан бері өңірге 290,9 млрд теңге инвестиция тартылып, көрсеткіштің өсімі 25%-ды құрады. Жоспарлы көрсеткіш 77,8%-ға орындалды.

Есепті кезеңде барлық аудандар мен Қызылорда қаласында оң көрсеткішке қол жеткізілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіштің ең жоғары өсімі Сырдария, Жаңақорған, Шиелі және Қазалы аудандарында байқалды.

Өсім негізінен өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және жинақтау салаларына, қаржы және сақтандыру қызметіне, жылжымайтын мүлікпен операцияларда, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету, өнер, ойын-сауық, демалыс және басқа салаларда қамтылып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<