Келесі Президент Конституцияға өзгерту енгізе ала ма

472

0

Келесі Президент Конституцияға өзгерту енгізе ала ма? Бұл сауалға ҚР Әділет министрі Қанат Мусин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден: «Келесі Президент Конституцияға өзгерту енгізе ала ма?» деп сұраған еді.

«Конституцияда Конституцияны «неше рет өзгертуге болады, қашан өзгертуге болады» деген норма жоқ. Ол қоғамның дамуына байланысты. Сондықтан, әрине өзгерту енгізуге болады», – деп жауап берді Қанат Мусин.

Сонымен қатар ол келесі Мемлекет басшысы президенттік мандатының мерзімін және бір рет қана сайлану құқығына қатысты норманы өзгерте алмайтынын баса айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<