«Сыр жастары»: 100 жас отбасы баспаналы болмақ

266

0

Сурет: ашық дереккөз

«Сыр жастары» аймақ жастарына деп жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданды.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 1 200,0 млн теңге, «Отбасы банк» АҚ тарапынан 500 млн.теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов баяндады.

– «Сыр жастары» бағдарламасына құжат қабылдау 12-26 қазан аралығында ұйымдастырылып, конкурсқа 789 жастан өтінім түсті. 2023 жылдың соңына дейін бағдарлама аясында 100 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда», – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<