Сырдария ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар нәтижесін беруде. Соның бірі – 2024 жылы кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген «Ханкелді» жеке кәсіпкерлігі.
Кәсіпкерлік нысаны нан және нан өнімдерін өндірумен айналысады.
Бүгінде кәсіпорында түрлі нан өнімдері дайындалып, аудан тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді өнім ұсынылуда. Өндіріс орны жергілікті нарықты отандық өніммен қамтып қана қоймай, тұрақты жұмыс орындарын ашуға да үлес қосып отыр.
Қазіргі таңда кәсіпкерлік нысанында 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Мұндай өндіріс орындары өңір экономикасын әртараптандырып, ауыл кәсіпкерлігінің дамуына серпін береді.





