Сырдарияда волейболдан халықаралық турнир өткізілуде

377

0

Бүгін Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде Мемлекет жəне қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан жасөспірімдер арасында халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.
Жиырма бірінші мəрте ұйымдастырылған турнирге Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен жəне еліміздің əр өңірінен 22 команда, 350 спортшы қатысуда.
Турнирдің салтанатты ашылуында облыс əкімі Қуанышбек Ысқақов пен Сырдария ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайрулла Əбенов жарысқа қатысушы командаларға сəттілік тіледі.
Сондай-ақ, облыс əкімі ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтауын жеткізді.  
Жарыстың жеңімпаз жəне жүлдегер командалары мен үздік ойыншылар 28 қыркүйек күні белгілі болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<