Тәлімі мол тағылымды шара

806

0

Қазалы ауданында жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолға алынып келеді. Бүгін соның жалғасы Әйтеке би кенттік мәдениет үйінде жалғасын тапты.

Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Мен сарбазбын» атты әскери жиында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов сөз алып, Отан алдындағы борышын өтеу әрбір жастың парызы екенін еске салды.

Жиынды жүргізіп отырған «Жастар ресурстық орталығының» директоры Нұрбек Ақпанбетов келесі сөзді Қазалы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Нұрлан Құрманғалиұлына берді.

Мұнан бөлек, басқосудаға келген өскіндер ауған соғысының ардагері Күмісбай Серікбайұлы мен тәжік-ауған соғысының ардагері Руслан Әбдусаттарұлына өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы әскерден келгеніне 1 ай болған жас сарбаз Ақниет Жылқайдар мен Қуантқан Мырзағалимен тілдесіп, сарбаздар өздерінің әскердегі қызықты сәттерімен бөлісті.

Айта кеткен жөн, тағылымы мол шарада 10-ға жуық жасөспірім өзінің әскерге деген ынтасы ашылып, Отан алдындағы борышын өтеуге асығатынын айтты.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<