Тараздағы перзентханалардың бірінде жүкті әйел асылып қалған

252

0

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Ағымдағы жылғы 9 сәуірде Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының перзентхана палатасында жүкті әйел асылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 сәуірде Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтан перзентхана палатасының жуыну бөлмесінде 33 жастағы жүкті әйелдің асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.

«Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, оны жүргізу Жамбыл облысы бойынша сот-сараптамалары институтының сарапшыларына тапсырылды», – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<