«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты «GOODDELIVERY» сертификатын алды

371

0

  «Тау-Кен Алтын» өз өнімдерінің жоғары сапалы екендігін растады және әлемге сенімді әріптес ретінде танылды. Кемінде 99,99% таза алтын өндіретін аффинаж зауыты Лондондық бағалы металлдар нарығы қауымдастығының (The London Bullion Market Association, LBMA) «GoodDelivery» сертификатын алды.

«GoodDelivery» сертификаты бар бағалы металлдар барлық әлемдік биржа саудаларында шектеусіз қабылданады. Бұл инвестистиция объектісі ретінде«Тау-Кен Алтын» таңбасымен шығарылатын тазартылған алтынның бағасын едәуір жоғарылатады.

Сертификатты алу рәсімдері едәуәр күрделі және ұзақ: «Тау-Кен Алтын» бірнеше кезеңдің аудиторлық тексерістен өтті, лондондық биржа сарапшылары технологиялық процесстерді, зауыт зертханасының халықаралық талаптарға сәйкестігін, мамандардың біліктілік деңгейін тексерді. Бұдан басқа, кәсіпорын қызметінің тарихына, оның қаржылық ахуалына қатысты, сондай-ақ, «LBMA жауапты алтын бойынша нұсқаулық» талаптарының орындалуына қатаң тексерулер жүргізілді. 

«GoodDelivery» сертификаты – бұл алтынның тек халықаралық стандарттарға (сынамасы, мөлшері, салмағы, құймасының сыртқы түрі) сәйкестігін растау ғана емес, сонымен қатар, оның кіршіксіз заңды тазалығына, сондай-ақ, кәсіпорын қызметінің сенімділігіне, ашықтығына және жақсы беделіне  кепілдік болып табылады.

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың индустриалдық паркінің аумағында орналасқан. Өндірістік қуаты  – жылына25 тонна тазартылған алтын және 50 тонна тазартылған күміс. 

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<