«Таза аула» – ауқымды экологиялық акция

5

0

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза аула» атты ауқымды экологиялық акция өтті. Өңірдегі барлық елді мекендерде 147 аула тазартылды. Акцияға 12 266 адам қатысып, 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Тазалық шарасына мем­лекеттік мекеме қыз­мет­керлері, еріктілер, жастар ұйым­дары мен жер­гілікті тұр­ғындар атса­лысты. Аула­лардың қо­қысы жиналып, айналасы абат­тандырылды және көгал­дан­дырылды.

Жыл басынан бері таза­лық шараларында 46934 ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіп­орын қызметкерлері бел­сенділік танытқан. 1067 тонна қоқыс қалдықтары жи­налып, 156 сквер мен парк, 225 тарихи-мәдени ескерткіш, 791 әлеуметтік, 407 өнеркәсіп және бизнес, 8 су нысаны, 843 көше бойы тазартылды. Оған 248 техника жұмылдырылды. Өңірдің климатына жер­сінетін 27 450 түп қарағаш, терек, Сыр талы, т.б. көшет егілді.

Акция аясында аудандарда да іс-шара­лар ұйым­­дастырылды. Арал ау­да­­нының «Келе­шек мек­тебін­дегі» «Жасыл мұра» шара­сында түлектер мектеп ауласына 100-ден астам тал екті. Оқушылар мен ұстаздар табиғатты көр­кей­туге және ұрпақтар сабақ­тас­тығын нығайтуға үлес қосты.

Айта кетейік, «Таза Қазақ­стан» бағдарламасы аясында өңірде тазалық сақтау, елді мекендерді көр­кейту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс­тар жүргізілуде.

Демеушілер мен бюджет қаражаты есебінен дема­лыс орындары, ойын және спорт алаңдары жаңар­тылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жөн­делді.

Қызылорда қала­сын­дағы орталық алаң, мәде­ни-демалыс паркі және Қор­қыт ата сквері қайта жаң­­ғыртылып, халық игі­лігіне берілді. Президент саябағы жаңадан қайта салынып, қала тұрғындары мен қо­нақтарының демалыс орнына айналып келеді.

Ауылдарда «Үлгілі елді мекен» конкурсы өтіп, соңғы үш жылда 2 млрд тең­геден астам қаржыға алынған 67 арнайы техника табысталды.

Қалдықтарды басқару бағытында 98,7 млрд тең­генің 9 жобасы бар. Жаңа­­қорғандағы сұрыптау ке­шені іске қосылуға да­йын, ал Сырдария ауданында жаңа полигон пайдалануға берілді.