Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

523

0

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мағзұм Мырзағалиев ұлттық компания қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет берді. Компания мұнайдың отандық бренді KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) өндірісі басталғанын айтты:

  • мұнай өңдеу зауыттарынан жанар-жағармай жөнелту қарқыны, соның ішінде күзгі жиын-терін маусымында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету ісі жөнінде баяндады: «ҚазМұнайГаз» компаниясы егін жинау науқанына 426 мың тонна дизель отынын бөлген;
  • компанияның танкер флотын кеңейту, соның ішінде Каспий теңізі мен басқа да ашық теңіз акваторияларында энергетикалық ресурстарды тасымалдауға арналған ірі тоннажды танкерлер санын көбейту жұмыстары туралы мәлімет берді;
  • ұлттық компанияның өңірлерде жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалары жөнінде есеп берді: Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын ауызсумен қамтамасыз ету үшін жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталғаны және Астрахан – Маңғышлақ магистральды су құбырын реконструкциялау жұмыстарының барысы жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көмірсутегі экспортын арттыру және геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Президент мұнай мен газды терең өңдеу саласына баса мән беру маңызды екенін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<