Туристік фестиваль

336

0

  Дүниежүзілік туризм күніне орай қала мектептері оқушыларының қатысуымен туристік фестиваль өтті. Шараны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының бәсекеге қабілет бағыты бойынша ұйымдас­тырды. 

Қазір облыстағы Қорқыт ата кешені, «Байқоңыр» ғарыш айлағы еліміздің ғана емес, шетел жиһанкездерінің басын қосатын, басқаларға ұялмай көрсететін нысан екені белгілі. Жаңақорғандағы шипажай да еліміздегі медициналық туризмнің дамуына үлес қосып келеді.

Мектеп оқушыларына арналған фестивальдің мақсаты – отандық туризмнің маңыз­дылығын түсіндіру. Бірнеше жылдан бері фестиваль студенттер арасында өтсе, осы жолы алғаш рет оқушылар арасында ұйымдас­тырылды. Бұл күні олар облыстық ­тарихи-өлкетану музейі, Тұңғыш Президент паркі, теміржол вокзалын аралап, тарихымен танысты. Сондай-ақ, сол жағалаудағы Жастар орталығында «Сүйікті қалам – Қызыл­орда» тақырыбында шығарма жазып, сурет салды.

Туризм – экономиканы дамытудың тетігі, табыс көзі екені белгілі. Алдағы уақытта да жастар арасында туризмнің маңыздылығын түсіндіру, дамыту мақсатында туристік нысандарда шаралар ұйымдастырылатын болады.

А.НҰРТАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<