Тың тақырыптағы семинар

239

0

Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті мен Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының филиалы бірлесіп менеджмент жүйесін енгізу бойынша семинар өткізді. Шараға бизнес өкілдері, облыстық өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары қатысты.

Семинарда сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын және сапа менеджменті жүйелерін бағалау жөніндегі сарапшы-аудитор Серік Құрманғалиев  менеджмент жүйесіндегі халықаралық стандарттардың жаңа нұсқасымен таныстырды. Оның қатарында ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйым сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсынымдар», ISO 50001 «Энергия менеджменті жүйелері. Қолдану бойынша талаптар мен нұсқаулар» бар.

– ISO 9004 стандарты – ұтымды ұсыным жинақталған жүйе. Ол тұтынушылар мен мүдделі тараптардың сұранысына сай болуға мүмкіндік береді, – деді С.Құрманғалиев.

Спикер ISO 50001 энергия менеджменті жүйесі халықаралық стандартының тиімді тұсына да тоқталды. Айтуынша, аталған құжат ұйымдарға энергия тиімділігіне, энергия тұтыну типіне қатысты энергия нәтижелілігін тоқтаусыз жақсартуға қажетті үрдістерді қалыптастыруға септеседі. Сонымен қатар энергия менеджменті жүйесіне қатысты талаптарды белгілеуде көмекке келеді. Жиын барысында тыңдаушылар осындай қажетті кеңестер мен тың ақпараттарға қол жеткізді. Көкейдегі сұрақтарына жауап алып, арнайы сертификаттарды иеленді.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<