“Үлгілі елді мекен” конкурсының қорытындысы өтті

532

0

Аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру, жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету және елді мекендерді тазалық пен көгалдандыру мақсатында «Үлгілі елді мекен» конкурсы бастау алған.

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қожаниязовтың қатысуымен конкурс жеңімпаздарын анықтауға арнайы құрылған құрамында қоғамдық ұйым өкілдері және қоғам белсенділері енгізілген облыстық тәуелсіз сарапшылық комиссиясының қорытынды отырысы өтті.

Жиын барысында қала және аудан әкімдері конкурсқа қатысушы елді мекендерде соңғы жылдары атқарылған жұмыстарын бейнероликтер мен баяндама арқылы таныстырды.

«Үлгілі» атанған елді мекендер алдағы уақытта облыс әкімінің қатысуымен салтанатты шарада марапаталатын болады.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<