18-наурыз елімізде Ұлттық киім күні. Аталмыш маңызды күні жеке кәсіпкер Прекеева Жанар Махсатқызы ұлттық нақышта түрлі бұйымдар тігетін «Kerim_sulu» тігін шеберханасында бизнес-экскурсия өткізді.
Жанар Махсатқызы Қызылорда облыстық іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшесі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының салааралық әйел кәсіпкерлігі кеңесінің де мүшесі.
Оның шеберханасында эсклюзивті дизайнмен дайындалған қыз жасауын табуға болады. Жанар Махсатқызының табанды еңбегінің нәтижесінде ұлттық бас киімдер мен тұрмыстық бұйымдарға сұраныс артқан. Қазір ол 1 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ең басты жетістігі оның өнімдері елімізде ғана емес, Грузия, Түркия және басқа елдерге жеткізілуде.
Бизнес-экскурцияға қаламыздағы бір топ кәсіпкер қыз-келіншектер жиналды. Жаңа технологиямен жабдықталған «Kerim_sulu» тігін шеберханасының жұмысымен танысып, қиындықтар мен кедергілерді жеңіп жетістікке жеткен кәсіпкермен мотивациялық сұқбат құрды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<