Туристік орталық пен санаторий салынады

431

0

Ұлытау облысында жаңа туристік орталық пен жаңа әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Үкіметте Ұлытау облысын қайта жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар таныстырылды.

«Өңірге туристерді тарту үшін Жезқазған қаласында қонақ үй кешендері, Ұлытау ауданында туристік орталық және санаторий үлгісіндегі демалыс үйі салынады. Көлік және логистика бағыттары бойынша облыс орталығында бірнеше жоба қаралып жатыр. Соның ішінде, жақын арада Шымкент қаласымен жаңа әуе қатынасын ашу жоспарлануда», – деді Берік Әбдіғалиұлы Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен қатар 227 км облыстық маңызы бар автожолдар мен 118 км қалаішілік және кентішілік жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу жоспарланып отыр.

Одан бөлек, мектепке дейінгі білім беру және медициналық мекемелердің, инфрақұрылымның жетіспеушілігі проблемаларын шешу үшін 4 балабақша, 4 оқушылар сарайы және 5 денсаулық сақтау нысанын салу көзделген. Сондай-ақ, кешенді жоспарда облыстың 10 спорт нысанын салу мен реконструкциялау көзделген.

Бұған дейін Берік Әбдіғалиұлы өңірдің шешілмей жатқан өзекті мәселелері туралы айтып берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<