Университет аруы анықталады

449

0

  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Университет аруы» байқауы өтуде.  Бесінші мәрте ұйымдастырылған сайыстың бірінші кезеңінде 21 бойжеткен қазылар алқасының талаптарына сай екенін байқатты. Бүгін студенттер екінші кезеңнің шарты бойынша жәрмеңке ұйымдастырып, бақ сынауда.

 Мұнда арулар аспаздықтығымен қатар өз қолдарымен жасаған қолөнерлерін  ұсынды.  Қазылар алқасының қатарында М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғарғы колледжінің педагог хореографы, көркемдік жетекшісі Бекзат Қадірбергенқызы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың баспасөз орталығының басшысы Арайлым Байжігітова, «Business Start» инновациялық жобаларды іске асыру орталығының жетекшісі Жандос Оразмаханов, «Нұр отан» партиясы Тұран филиалы, есепке алу және статистикалық сектор меңгерушісі Асылбек Мамбетов, Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Айнұр Бекенова, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарын үйлестіру бөлімінің басшысы, «Қыз Жібек» қыздар ұйымының жетекшісі Назира Аймаханова бар. Бұл кезеңнен сәтті өткен бойжеткендер алдағы финалда түрлі кезең бойынша бақ сынайтын болады.

Айта кету керек, 80 жылдан астам тарихы бар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студенттер үшін қолайлы жағдай жасалған. Университет студенттері сапалы білім алумен қатар, өздерінің бос уақыттарын тиімді пайдалана алады. Оқу орнында түрлі бағыттағы ұйымдар жұмыс жасайды. Қыздарды түрлі өнерге баулу, тәрбие мен тәлімді ұштастыру мақсатында құрылған бұл ұйымның бүгінге дейін атқарған жұмыстары ауқымды. «Университет аруы» байқауында ұйымдастырушы – «Қыз Жібек» қыздар клубы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<