Велоспортшылар жеңіс тұғырында

178

0

Қызылорда велоспортшылары Астанада өткен ерлер мен әйелдер арасындағы ел чемпионатынан жеңіспен оралды. Командалық есепте І орын алған жерлестеріміз 14 медальға қол жеткізді.

Сыр велоспортшылары 304 ұпаймен топ жарды. Ал 237 ұпай жинаған қарағандылықтар екінші орынды еншіледі. Алматы облысының командасы 229 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Ерлер арасында Ғ.Әзен, И.Юсифов, А.Тұрар, Р.Гайнеев, К.Бузин мен В.Пастарнак белсенділік танытты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<