Ырысбала Икрамбай Ақтөбе тұрғындарына 1 КамАЗ қажетті зат жіберетінін айтты

5504

0

Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай су астында қалған Ақтөбе тұрғындарына 1 КамАЗ қажетті зат жіберетінін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

«Отбасымыздың атынан, мені қолдаған халықтың атынан, ешкімнен қаражат жинамай Ақтөбе жұртына 1 камаз қажетті заттар жібергелі жатырмыз», – деді ол. 

Блогердің айтуынша, ол 100 адамға жететіндей зат алған. 5 миллион теңгеге зат алған Ырысбала Икрамбай КамАЗ-ға киім-кешек, төсек-орын, тамақпен қоса дәрі-дәрмек алған. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<