ҚЫЗЫЛОРДА ЖАСТАРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОЛЫНДА

312

0

Кеше ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Жастар ісі» секторы мен қалалық «Сұлтан» мешітінің өкілдері қайырымдылық шарасын өткізді. Жастар көше тазалығын жасайтын жұмысшыларға, базар маңындағы кісілерге, тұрмысы төмен жандарға ыстық тамақ пен шай таратып, сауапты істің ұйытқысы болды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан шаһар тазалығына үлес қосып жүрген жұмысшыларға ризашылық білдіріп, ыстық тамақ үлестірді. Өнегелі бастаманы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен қала кәсіпкерлері де қолдады.
Аталған қайырымдылық шараның мақсаты – халықтың жүрегіне жылулық сыйлап, жастарды жақсылық жасауға баулу болып табылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<