Қызылордада 40 градус ыстық болады

198

0

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
5-6 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде күн күркіреп, тұман түседі. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан және солтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. 6 шілдеде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.
Осы күндері Петропавл қаласында найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Батыстан және солтүстік-батыстан күшті жел соғады, күндіз жел екпіні – 15-20 м/с.
5 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, батыстан және оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Күндіз жел қарқыны – 15-20 м/с. 5 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40°С  аптап ыстық күтіледі. 5 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<