Қызылордада біреудің ауласындағы тұрған көлікті ұрлаған адам қолға түсті

247

0

Қызылордада біреудің ауласында тұрған шетелдік көлікті ұрлап кеткен адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға Қызылорда қаласында орын алған. Жергілікті тұрғын өзінің ауласынан шетелдік көлігі қолды болғаны жөнінде полицияға арызданған еді. Түн ішінде белгісіз біреу көлікті айдап алып кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көп ұзамай көлік құралын заңсыз иемдену қылмысын ашты. Күдікті ретінде Қазалы ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын сотты болған.

«Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», – деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<