Қызылордада көше бойында тұрған көлік жанып кетті

235

0

Қызылорда қаласында УАЗ «Фермер» автокөлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төтенше оқиға қаланың КБИ аймағындағы Еңбекші көшесінде болды. «112» орталық нөміріне түскен хабарламаға сәйкес Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің мамандары оқиға орнына дереу жетті.
Өрт сөндірушілер өз қызметтеріне дер кезінде кірісіп кетті. Көлік өртеніп жатқан аумақ тұрғын үйге өте жақын орналасқан. Сала мамандарының нақты іс-қимылының нәтижесінде өрттің тұрғын үйге таралуына жол берілген жоқ. Көше бойында орналасқан электр бағаны зақымдалды.
«Өрт сөндіруге жеке құрамнан 7 қызметкер 1 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі нақтыланды. Ол дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан туындаған. Қазіргі уақытта өрттің шығыны анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі.
Бұдан бұрын Қызылорда облысында жаңадан салынып жатқан ғимарат опырылып құлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<