Заңсыз айналымнан 21 дана қару тәркіленді

350

0

Қызылорда облысы көлемінде заңсыз атыс қаруымен жасалатын және қару ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақсатында, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес, қыркүйек айының 18-20 күндері аралығында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.        
Іс-шараның 3 күнінде облыс көлемінде 3758 қару иелері  тексеріліп, 116 құқық  бұзушылық  анықталды. Заңсыз айналымнан 21 дана қару тәркіленді.      
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 484-бабына сәйкес (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) 42 азаматқа, 486-бабына сәйкес (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) 27 азаматқа әкімшілік шара көрілді.  
 Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін 69 қару иелері емтихан тапсыруға жолданды.  

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<