Жаңбыр мен жабысқақ қар: Қазақстанда -5 градусқа дейін күн суытады

509

0

Қазақстанда демалыс күндері тұрақсыз ауа райы болмақ. -5 градусқа дейін қатқақ күтілуде деп жазады «Қазгидромет» РМК сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологиялық орталықтың айтуынша, еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде суық атмосфералық фронттар жаңбыр мен суық түсіре бастаған.

Осы демалыс күндері, 28 және 29-қыркүйекте республиканың басқа аймақтарында да ауа температурасының төмендеуі және суық түсуі күтілуде.

29-қыркүйекте Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 30-қыркүйек күні ШҚО-да жаңбыр мен жабысқақ қар болады.

Бұл өңірлерде дабылды ескерту жарияланған.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында да 1-3 градус қатқақ болуы мүмкін.

Еліміздің оңтүстігінде де күн суиды деп күтілуде. Дүйсенбі күні сынап бағанасы күндіз 12-18 грдаусты көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<