Жаңбыр, тұман, күшті жел – сейсенбі арналған ауа райы

238

0

Сейсенбі елімізде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«1 қазан Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары арқылы атмосфералық ағындар өтеді осыған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, қалған аймақтарда күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді», делінген болжамда.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<