Жаңа жылдың әлемі-аналармен әдемі

365

0

Фото: Облыстық мәдениет басқармасы

Бүгін «Анаға тағзым» орталығында «Жаңа жылдың әлемі – Аналармен әдемі!» атты мерекелік шара өтті.

Жаңа жылдық бағдарламаның басты қонақтары – қарапайым еңбек адамдары. Шопан, сауыншы, хат тасушы, күрішші, тазалықшы, балықшы, аспаз сынды қоғамның сан түрлі саласында жемісті қызмет етіп, аймағымыздың өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне үлес қосып жүрген әйел-аналар қатысты.

Шара барысында облыс әкімі аппаратының басшысы Ш.Байманов аймақтың ақ жүрек аналарын жаңа жылымен құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.

Мерекелік шара Ана мен баланың жаңа жылдық арман-тілегіне құрылған шағын театрландырылған-сазды көрініспен басталып, одан әрі облыстың әр түкпірінен жиылған адал еңбек майталмандарының әрқайсысының өнегелі өмір жолы, іскерлігі мен жетістіктері насихатталып, құрмет көрсетілді. «Күміс алқа» иегері, сырдариялық Бейбіт Упалхожаева жасампаз ісі жастарға үлгі жандарға, барлық ұйымдастырушыларға, жастарға ақ батасын берді.

Жыл жетістіктерін қорытындылап, еңбек адамдарына құрмет көрсетуге бағытталған жаңа жылдық шарада шалғай ауылдардан келген асыл аналар ерекше мерекелік көңіл-күйде болып, ризашылық сезіммен тарасты. «Анаға тағзым» орталығындағы әйел-аналарға деген құрмет алдағы уақытта да жалғаса береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<