Жапонияның оңтүстік-батысында жер сілкінді

225

0

Фото: pexels.com

Жапонияның Миядзаки префектурасында оңтүстік-батысындағы аудандарда магнитудасы 5,1 балдық жер сілкінісі болды. Цунами туралы ескерту жарияланған жоқ, деп хабарлайды Kyodo News агенттігі.

Жер сілкінісі Жапонияның сейсмикалық құбылыстар қарқынының 7 балдық шкаласы бойынша 5-тен төмен деңгейде тіркелді, ошағы Осуми түбегінің шығыс жағалауында, 39 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Kyushu Electric Power Co мәліметінше, Кагосима префектурасындағы Сендай атом электр станциясында ешқандай ауытқулар анықталған жоқ.

4 сәуір күні Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 6,0 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі Ивате, Мияги және Фукусима префектураларында Жапонияның сейсмикалық құбылыстар қарқынының 7 балдық шкаласы бойынша 4-ші деңгейде тіркелді.

2 сәуірде елдің солтүстік-шығысында магнитудасы 6,0 балдық жер сілкінісі болды, Аомори префектурасындағы Хатиноха мен Мисавада және Ивате префектурасындағы Мияко мен Кудзиде жапондық сейсмикалық оқиғалардың қарқындылығы шкаласы бойынша 5-тен төмен деңгейде тіркелді.

Сондай-ақ наурыз айында Жапонияның солтүстік-шығысында 5,8 магнитудалық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі Фукусима префектурасында Жапонияның 7 балдық сейсмикалық құбылыстар қарқындылығы шкаласы бойынша 5-ші деңгейден төмен және Мияги, Ибараки және Точиги префектураларының көптеген аудандарында 4-ші деңгейден төмен тіркелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<