«Жас баланы ұрып жатырсың!» Серік Сәпиев пен балуан жанжалдасып қалды

684

0

Видеодан скрин

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыдағы Naiza 49 турниріндегі төбелестен кейін балуанмен киім ауыстыратын бөлмеде қайта ерегіскен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Batyrball ойыны (күрес пен баскетбол қоспасы) кезінде болған. Эпизодтардың бірінде балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданғанын көруге болады, ал бұл боксшыға ұнамай қалған, содан кейін төбелес басталды. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.

Алайда олар кейінірек киім ауыстыратын бөлмеде әрі қарай дауласқан. Сәпиев пен Мұсиханов бір-бірінің қолын алған, бірақ қайта төбелесе жаздады. «Сен маған «Енді олай жасама» дейсің. Мен де қызба адаммын» деді Сәпиев.

Кейін дауға балуанның жаттықтырушысы араласып, Сәпиевке «Мен оның жаттықтырушысымын. Сен бұл ережелерге өзің келістің ғой. Сен Олимпиада чемпионысың ғой, жас баланы ұрып жатырсың! Ұялмайсың ба? Қандай үлгі беріп жатырсың?» деді.

Соңында Сәпиев пен балуан қол алысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<