Жасұландықтар жас көшбасшылармен кездесті

243

0

Облыстық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Арманың барда адымда алға!» деген тақырыпта түрлі сала мамандарымен кездесу ұйымдастырды.
Шараға «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілесов, блогер Ерлан Мұсаев, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова және БАҚ өкілдері, ұйым мүшелері қатысты.
Жиын барысында жасұландықтар көкейде жүрген сұрақты қойып, жауап алды. Спикерлер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық тәрбие турасында оқушыларға дәріс оқыды.
Қорытындысында қонақтарға арнайы сыйлықтар беріп, оларды алдағы уақытта өтетін «Менің ақыным» аталатын поэзия кешіне шақырды.

Маржан ӘШІРАПБАЕВА,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<