«Жастар карнавалы» думанға бөледі

433

0

Мерекелік шаралар легі қала күні тарихында бұрын-соңды болмаған «Жастар карнавалына» ұласып, жалынды жастар Қорқыт ата кешенінен Орталық алаңға дейінгі жолды жаяу жүріп өтіп, қала көшелерін думанға бөледі.

«Қала күні» мерекесінің салтанатты ашылуына арналған гала-концерт Орталық алаңда жалғасты. Шаһар басшысы Асылбек Шаменов ұйымдастырылған республикалық мобилографтар конкурсы мен «Жастар карнавалының» жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, қызылордалықтар мен қала қонақтарын «Қала күнімен» құттықтады.

Мерекелік кеш өнерпаздардың концерті мен елімізге танымал Жайдарманшылардың фестивалімен қорытындаланып, қала тұрғындары ерекше әсермен тарқасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<