Жастар – қоғамның қозғаушы күші

321

0

Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Жастар жылы кейбір айтулы даталар сияқты ұрандатып, желеулетіп өткізетін жыл емес. Жастар – қоғамның қозғаушы күші.
Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар.
Ендеше, Жастар жылы – жастарға арналуы керек. Осы жастар жылы жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай!
Жұлдыз Ғалымжанқызы,
Қызылорда облысындағы «Жас Отан»
жастар қанатының белсенді мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<