Жастар жылы жаңашылдыққа бастайды

178

0

Бүгін Астана қаласында өткен «Жастар жылының» ашылу салтанатына куә болдық. Жиында сөз алған Елбасымыздың бастамаларынан ерекше әсер алдым. Менің ойымша, Президент көтерген бастамалар ішінен жұмыссыздық мәселесі өзекті деп ойлаймын.
Осы мәселе бойынша NEET санатындағы жастар санын азайтуға баса назар аударып, жастарды кәсіпкерлік негіздерін оқытуды жалғастыра отырып, кәсіпкерлікті қолдауға жиырма мыңнан астам грантқа 32 млрд теңге бөлінетіндігіне тоқталды.
Сонымен бірге, Үкіметке «Жас Start Up» жобаларын қолдау қорын құруды тапсырды. Бұл өз кезегінде жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтылуына және кәсібін өркендетуге септігін тигізбек.
Әлібек Ізбасаров,
«Жастар ресурстық оралығы» КММ-нің директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<