Жастар жылында ауқымды акцияны бастамақшымыз

293

0

Өткен жыл «Нұр Отан» партиясы және «Жас Отан» ЖҚ үшін табысты өтті. «English for jastar» жобасы аясында 350-ге жуық оқушы ағылшын тілін үйренсе, «Білім орталығы» жобасы бойынша барлық аудандағы кітапханалар жаңғыртылды.
Жастардың уақытын тиімді өткізетін білім орталығына айналды. «Сәтті қадам» жобасы арқылы 8-11 сынып оқушыларын кәсіпорын, цех, зауыт жұмысымен таныстырып, сала мамандарымен сұхбат ұйымдастырдық. Мамандық таңдауда көзбен көріп, көңілге түйгеннің пайдалы болатыны белгілі ғой. Ал, жастар жылына орай облыстық «Жас Отан» ЖҚ тың бастамаларды жоспарға енгізуде.
Республика бойынша «Жастар жылындағы жетістік» атты ауқымды акцияны бастамақшымыз. Шарада әрбір жас биыл бағындырған белестерін, жеңістерін әлеуметтік желіге «#JJJ2019» белгісімен жариялап отыруы қажет.
Жыл соңында акция қорытындыланып, жеңімпаз жастар туралы арнайы жинақшығарылады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмысшы топ құруды жоспарлап отырмыз. Мұнан өзге, жастар мәселесін талқылау үшін форум, вайнерлер байқауын, жас тарихшылар конференциясын өткізбекшіміз. Ал, атқа міну мәдениетін жалғастыру, дәстүрді қайта жаңғырту мақсатында наурыз мерекесі секілді үлкен көлемдегі «Ұлы дала елі» атты жастар фестивалін ұйымдастыру ойда бар.

Талғат Тілес,
облыстық «Жас Отан» жастар қанаты
облыстық филиалының төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<