Жастар жылының басталуы БҰҰ-ның «Жастар-2030» стратегиясымен тұспа-тұс келді

234

0

Жаңа стратегияны ұсынған кезде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазіргі жас буынның алдында үлкен мәселелер тұрағынын атап кетті. Бұлар жаһандану үрдісі, миграция, ауа райының өзгеруіне байланысты түйткілдер. Айта кетейік, қазір әлемде 1 миллиард 800 миллион жас бар.  

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы: 
– Тұрмысын жақсартуды көздейтін «Жастар-2030» жаңа стратегиясының басты бес бағыты: қазіргі заман мәселелерін шешуге жастарды тарту, білім мен денсаулық сақтау саласына қолжетімділігін кеңейту, экономикалық жағдайын жақсарту, өз құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасау, жанжалдар мен шиеленістер кезінде жастарға қолдау көрсету.

Дереккөз: 24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<