ЖАСТАРҒА АРТЫЛҒАН ЖҮК САЛМАҚТЫ

243

0

Тәуелсіз елде тұрып, Сыр ананың сүтін еміп өстік. Бабалар аманатын құмға су қылып батырмай, шыңға ту етіп тігетін, жасампаздыққа жаны жақын, атаның ақ батасы мен ананың ақ сүтінен нәр алған  адал ұрпақ қана елдің «елім» деген азаматы болмақ.
  Кез-келген елдің болашаққа салған ең үлкен капиталы – бала тәрбиесі. Елдің ертеңін көргің келсе жастарына қара деген бар. Шүкір, Мәңгілік Елге айналудағы егемендіктің еңселі жылдарында ешкімнен кенже қалғанымыз жоқ. Оқ бойы алдамыз, экономикамыз тұрақтады, ұлттық идеология жолында үлкен өзгерістер мен дамуға қадам басудамыз. Бұның барлығы елдегі тыныштық пен бірліктің арқасы. 2019 жыл  «Жастар жылы» болып аталуыда бізге берілген баға емес үлкен сенім екенінің тағы бір дәлелі. Мемлекет басшысы өткен жылдың соңында жариялаған кезекті Жолдауында  жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан болатын.
 Осы ретте, ата-баба армандаған Тәуелсіздікті ту етіп беріп, шындыққа айналдырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және барша аға-буын өкілдеріне Сыр жастары атынан алғыс айтамын.

  Отанды сүю білімнен емес, иманнан һәм мінезден…
Имани имунитетіміз жоғары, мінезіміз мемлекет үшін қызмет болсын дегім келеді.

ӘДІЛ  ЫБРАХИМ, 
Қармақшы аудандық 
«Жастар ресурстық орталығы» директоры.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<