Жастарды болашақтағы перспективалармен қызықтыру керек

284

0

Жастар жылына қатысты бастамалар республикада енді ғана күш алып келе жатқаны болмаса, аймақта облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен жастарды қолдау бірнеше жылдан бері ісжүзінде жүзеге асып келеді. Көршілес Ресейде білім алып, елге оралған алғашқы түлектер – осы бастаманың оң нәтижесі. Тіпті, бұл – басқа облыстардағы атқарушы билік өкілдеріне жақсы идея.
Мен де облыс әкімдігінің қолдауымен осы мүмкіндікке ие болған жас ретінде салыстыра айтар болсам, екі елдің жастары бірдей деңгейде. Мемлекет тарапынан жасалатын жағдайға келерболсақ, қоғамдық көлік жолақысына жеңілдікке бізде мектеп оқушылары ғана ие болса, Ресейде студенттер мен магистранттарға да жеңілдік қарастырылған. Меніңше, біздің ел жастарына мамандық таңдауда, ЖОО-ға тапсырарда көбірек көмектесу қажет. Оқушы кезінде дұрыс мотивация беріліп, әлемдік деңгейдегі ЖОО-ға не жұмыс орнына керекті құжаттар тізімін көрсете отырып, болашақтағы перспективалармен қызықтыра білсе жақсы болар еді. Мұнан артық жастарғақолдауды білмедім. Әйтпесе, бірен-саран әбден ізденіп, зерттейтіндер болмаса, көпшілігі шетелде оқу мүмкіндігінен бейхабар қалып жатады. Дәл осы секілді, отандық кәсіпорындардың қолдауы, жастарға қарастырылатын жеңілдіктер туралы жастар арасында үгіт-насихат жүргізілсе, артықтық етпейді. «Сайтта бар, интернетте тұр ғой» дегенмен, көбі дәл уақытында білмей қалып жатады.
Тақырыптың тоқетері.
Қалай десек те, Жастар жылында республика бойынша, аймақтарда ауқымды жобалар іске асатыны анық. Бірақ, бастысы – жастардың мүдделі болуы, шеберлік шыңына ұмтылуы. Білімге құштар, өзіне сенімді жастар ғана мүмкіндікті көре алады. Ол үшін талғам терең, өзіңе талап жоғары болуы керек. Жастардың тек осындай мәселесіне ғана мемлекет тікелей әсер ете алмауы мүмкін. Сондықтан, барша жасқа бұл жыл берекелі болғай!
Еламан Меңдіқұл
«Мәскеу болат және қорытпалар институты»
Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің түлегі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<